
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
«Еңбек күніне» орай Абай облыстық кәсіподақ ұйымының қолдауымен жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне арнап Астана қаласына танымдық сапар ұйымдастырылды. Сапар аясында олар Кәсіподақтар федерациясының мәжіліс залында Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашевамен кездесті.
Айгүл Мұқашева кәсіподақ қызметі туралы, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Іс-шара соңында кәсіподақ мүшелеріне Алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталды.
-
Фотографии
-