
«KASIPODAQ RUN 2025» республикалық ынтымақтастық жүгірісі
«Келешекке бірге жүгірейік» ұранымен ағымдағы жылдың 27 қыркүйегі мен 5 қазаны аралығында Қазақстан Республикасының Шымкент, Павлодар, Қызылорда, Көкшетау, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Талдықорған және Астана қалаларында өткізілді.
Аталған іс-шара Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына арналды. Жүгірістің басты мақсаты – еңбек ұжымдары арасында ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, және қоғамдық белсенділікті күшейту болып табылады.
Білім беру саласының кәсіподақ ұйымдары бұл бастамаға белсенді түрде қатысып, жалпы саны 900-ге жуық кәсіподақ мүшесі мен олардың балалары өңірлік кезеңдерде бақ сынады. Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастыру комитетінің және төрешілер құрамының қатарында да кәсіподақ мүшелері қызмет атқарды, бұл олардың ұйымдастырушылық әлеуетінің жоғары деңгейін көрсетті.
Жергілікті деңгейде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар 5 қазан күні Астана қаласындағы Триатлон паркінде өткен финалдық жүгірісте өз өңірлерінің намысын қорғады. Бұл кезеңде кәсіподақ қозғалысының басты қағидаты — бірлік пен өзара қолдау рухы айқын көрініс тапты.
-
Фотографии
-