АРҚАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
4 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті қызметкерлерінің Бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.
Есеп беру-сайлау жиналысына университеттің Басқарма Төрағасы – ректор қатысып, жиынға төрағалық етті.
Жиын барысында Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.К. Махина соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді.
Есеп беру кезеңінде республикалық қайырымдылық акциялары «Біз біргеміз», «Мектепке жол» аясында материалдык көмек, кәсіподақ мүшелерін ынталандыру мақсатындағы тимбилдингтер, жас мамандарды қолдауға бағытталған «Кәсіподақ барысы – 2024» республикалық турнирі мен «Жас ұстаздардың жазғы лагеріне» барған кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ есебінен қаржылай қолдау көрсетілгені атап өтілді.
Сондай-ақ шаруашылық бөлімі қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және қорғау мақсатында ақылы еңбек демалысы кезеңінде емдік-сауықтыру жәрдемақысын төлеу туралы жұмыс берушіге ұсыныс жасалып, нәтижесінде 2023 жылы Ұжымдық шартқа толықтыру енгізіліп, аталған төлемнің жүзеге асырылғаны баяндалды.
Жиналыс барысында ревизиялық комиссияның есебі тыңдалып, қанағаттанарлық деп танылды және есеп бір ауыздан қабылданды.
Келесі есептік кезеңге, яғни 5 жыл мерзімге, кәсіподақ төрағалығына ұжымның ұсынысымен Махина Сарсенкүл Қуандыққызы қайта сайланды. Кәсіподақ мүшелері тарапынан көрсетілген бұл сенім бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп, әлеуметтік қолдау мен әріптестік шараларының тиісті деңгейде атқарылып жатқанын айғақтайды.
Ұжым мүшелері мен жұмыс беруші қатысқан жиын барысында 2026–2029 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың жобасы таныстырылды. Жаңа қабылданатын Ұжымдық шартта ғылым және жоғары білім саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімде көзделген міндеттемелер қамтылып, жұмыс беруші тарапынан қолдау тапты.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ілгерілеу мен даму жолындағы жұмысына сәттілік тілейміз!
-
Фотографии
-