ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫН КЕШЕНДІ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
Салалық кәсіподақтың Орталық аппараты өкілдері Түркістан облыстық ұйымында кешенді зерделеу жүргізді.
Кеңсе меңгерушісі М.Бейсембаева, құқықтық жұмыс бойынша мамандар А.Әбілдина, бас техникалық инспектор А.Айтжанов, есепші-ревизор Г.Мұқанова арнайы жұмыс сапарымен келіп, ұйымның жұмыс тәжірибесін зерделеді.
Сапар аясында М.Бейсембаева аудандық ұйым төрағалары мен кәсіподақ мүшелері үшін цифрландыру семинарын өткізді. Семинарда Enbek.kz порталына тіркелу, электронды қызметтерді тиімді пайдалану және құжат айналымын цифрландыру мәселелері кеңінен қаралды.
Сонымен қатар, құқықтық жұмыс мамандары А.Әбілдина және А.Айтжанов облыстық ұйым заңгерлері Е. Тілепперген және Б.Абдураимовпен бірге Сауран ауданындағы Тұран және №5 жалпы білім беретін мектептеп бастауыш ұйымдарына қоғамдық бақылау жүргізді. Мектептегі білім беру процесі, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен құқықтары жан-жақты тексеріліп, заңнамалық талаптар мен кәсіподақ кепілдіктері жөнінде кеңестер берілді.
Кешенді зерделеу қорытындысы бойынша Түркістан облыстық ұйымының жұмысына оң баға беріліп, жүйелі жүргізіліп отырғаны атап өтілді. Төраға Жандос Шайдуллаға атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдіріліп, тәжірибе алмасу мен қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
Түркістан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-