РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
17 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының және ЕҰУ жанындағы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Көшбасшы әйелдер: шыңға шығар жол» атты республикалық семинар өтті.
Республикалық комиссия мүшелері қатысқан семинарды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы - ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлы құттықтау сөзімен ашты.
Семинар барысында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қазіргі қоғамдағы әйел қауымының орны мен рөлін талқылап, өз ой-пікірлерімен ашық бөлісті. «Көшбасшы әйелдер: шыңға шығар жол» тақырыбы кәсіби даму, белсенділік және табысқа жеткен әйелдердің тәжірибесін сипаттайтын өзекті мәселе ретінде пікір алмасу барысында ерекше атап өтілді.
Қазіргі әлемде көшбасшы әйелдер бизнес, саясат, білім, ғылым және әлеуметтік салада маңызды өзгерістердің бастаушысы болып отырғандығы атап өтілді. Семинар барысында ортақ қорытынды ретінде Көшбасшы болу тек жоғары лауазымға ие болумен шектелмейтіндігі, адамдарды біріктіре білу, ортақ мақсатқа бағыттау және үлгі көрсете білу қабілетіне негізделетіні көрсетілді.
Республикалық семинарда әйел көшбасшылар өз тәжірибесімен, ойларымен бөлісіп, сенім мен шабыт берді.
-
Фотографии
-