ЖАС ТАРИХШЫЛАР ЖАРЫСЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен IV «ZHAS PROJECT» креативті педагогикалық жобалар байқауы өтті.
Жас тарихшы-педагогтар осы алаңда өз идеяларын, зерттеушілік қабілеттерін және инновациялық көзқарастарын көрсетті.
Облыстық байқауға қатысқан педагогтардың еңбек өтілі бес жылдан аспаса да, олар дәстүрлі сабақ шеңберінен шығып, білім беру процесін жаңа форматта ойлап табуда. Жобалар мазмұны әртүрлі: «Ұлы дала елі» бренд-жобаларынан бастап, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын интерактивті бастамаларға, тарихты IT құралдарымен оқытуды қамтитын виртуалды саяхаттарға дейін.
Байқау соңында жеңімпаздарға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ақшалай сертификаттары табысталды.
-
Фотографии
-