ТҮРКІСТАНДАҒЫ ІІІ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Түркістан облыстық ұйымының ІІІ есеп беру-сайлау конференциясы жоғары деңгейде өтті.
Аталған маңызды жиынға Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мақсатқызы Мұқашева, Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Бердіғали Өмірәліұлы Өмірәлі, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Амантай Оразалиұлы Өсербаев, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Нұржан Мәдірайұлы Нұрлыбаев, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова, облыстық мәслихат депутаты Инара Әбдіғаппарқызы Намазбаева, сондай-ақ Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының төрағалары мен Конференция делегаттары қатысты.
Конференция барысында А.Мұқашева, Ж.Темірбекова, Б.Өмірәлі және И.Намазбаева құттықтау сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Күн тәртібіне сәйкес Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла 2021-2026 жылдарға арналған есепті баяндама жасап, алдағы 2026-2031 жылдарға арналған қызмет бағдарламасын таныстырды.
Өз баяндамасында ұйым жұмысының нақты нәтижелеріне тоқталып, 2021 жылы кәсіподақ мүшелерінің саны 8000-нан асса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 22 847-ге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, бастауыш ұйымдар саны 235-ке дейін өскенін жеткізді. Бұл өсім – білім саласы қызметкерлерінің кәсіподаққа деген сенімінің айқын көрінісі екені ерекше атап өтілді.
Есепті кезеңде облыстық ұйым 8 509 кәсіподақ мүшесін оқытып, 2 500 келісу комиссиясы мүшесіне арнайы оқу ұйымдастырып, тиісті сертификаттар табыстады.
Сонымен қатар, Бақылау-тексеру комиссиясының 2021-2026 жылдар аралығындағы қызметі туралы комиссия төрағасы Айдос Кенжеханұлы Әбпазов есеп берді.
Конференцияның маңызды мәселелерінің бірі – облыстық ұйым төрағасын сайлау болды. Ашық дауыс беру нәтижесінде Жандос Шайдулла Түркістан облыстық ұйымының төрағасы болып қайта сайланды.
Жаңа кезеңде Жандос мырзаға кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жолында табысты еңбек тілейміз.
Конференция жұмысы марапаттау рәсімімен қорытындыланды.
-
Фотографии
-