ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТ ТҰҒЫРЫНДА
Ақтөбе облысының Қобда ауданында педагог қауымға көрсетілер сый-құрмет жоғары. Жыл сайын шипажайларға жолдама беру, үздіктерге төсбелгі тағу, қаржылай сыйақы тағайындау аудандағы мұғалімдердің мәртебесін арттырып келеді.
Республика күні қарсаңында Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлыбай Айжарықов білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, ең үздік мектеп мұғалімдерін марапаттады. Сондай-ақ, салтанатты шарада аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қуанышкерей Ибраев ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, ыстық ықыласын арнады.
Білім саласының дамуына сүбелі үлестерін қосып, нәтижелі жұмыс істеп жатқан педогогтарға облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы мен аудандық білім бөлімінің басшысының Алғыс хаттары табысталды.
Алты алаштың басы қосылған жиынның төрі – мұғалімдікі. Төрге шыққан құрмет иелері – ұстаздар қауымы марапаттау шарасынан кейін мерекелік концертті тамашалады.
-
Фотографии
-