ЖЕТІСУЛЫҚ ЕСЕПШІЛЕР БІЛІМДЕРІН АРТТЫРДЫ
Қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп – бұл негізінен прогрессивтік құралдардың көмегімен және бухгалтерлік программалар негізінде жүзеге асатын компьютерлік есеп. Бухгалтерлік программа адамзат қызметі саласының кәсіби функцияларын автоматтандыру үшін жеткілікті күрделі құрал болып табылады.
Аталған бағдарламаға Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы 2016 жылдан бастап көшкен болатын. Содан бері филиал есепшілері уақытылы жүйелі түрде біліктілігін арттырып келеді.
Кәсіподақтың қаржылық – шаруашылық жұмыстарына аса мән беріліп, облыстық кәсіподақ ұйымының бастамасымен аудандық, қалалық филиалдың есепшілеріне кезекті оқыту семинары ұйымдастырылды.
Екі күнді қамтыған шара «1С бухгалтерлік бағдарлама бойынша жетілдіру сабағы» тақырыбында өтті. Алғашқы күні кәсіподақ есепшілері «1С бағдарламасы» бойынша орын алған өзгерістерді меңгерді. «1С бағдарлама» орталығының басшысы Вероника Роменских ықпалымен қаржылық сауаттылықтарын арттырып, бағдарламаға құжаттардың толық және уақытылы енгізілу мәселесі пысықталды.
Келесі күні семинар Талдықорған сервис және технологиялар колледжінің мәжіліс залында жалғасты. Аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары мен есепшілерін қамтыған шарада Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов өз сөзімен ашып, жұмысты жүйелі түрде жүргізуге ыңғайлы бағдарлама ретінде «1С бағдарламасы» таңдалып алынғанын, есепшілерге артылған жауапкершілік пен сенімді жоғары дәрежеде орындауды тапсырды. Кәсіподақ мүшелерінен түскен жарнаның облыстық ұйымның жарғысына сәйкес дұрыс жұмсалуы керек екенін ескертіп, үнемі бақылауда ұстайтынын айтты.
Кәсіподақ активін оқытуда облыстық ұйымның бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Асхат Исабаев сөз алып, кәсіподақтың қаржылық жұмыстарына бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері жауапты екенін айтып, осы бағытта облыстық ұйымға қарасты аудандық, қалалық филиалдардың жұмысын қарау мақсатында жылдық жұмыс жоспарына қосып, бір ай көлемінде есепшілерге әдістемелік көмек көрсеткенін жеткізіп, қорытынды ақпаратпен таныстырды.
Облыстық ұйымның бас есепшісі Айгүл Арымбаева «1С бағдарламасы» аясында есепшілерге берілген барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыс істеуді ұсынды. Байқалған кемшіліктерді жою үшін уақытын белгілеп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Шара соңында оқу семинарын нәтижелі аяқтағаны үшін филиал есепшілеріне сертификаттар табыс етілді.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің
«Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-