ОРАЛДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 27 қазан күні күні 25 қазан – Республика күніне орай, Батыс Қазақстан облыстық ғылым және жоғары білімқызметкерлері кәсіподағының, Орал қалалық комитеті – Филиалымен Орал қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Орал қалалық білім беру мекемелерінің кәсіподақ мүшелері арасында шахматтан және тоғызқұмалақтан Турнир өтті.
Турнирге қалалық білім беру мекемелерінен 100-ге тарта кәсіподақ мүшелері қатысты. Турнирды ашқан Орал қалалық кәсіподақ комитеті – филиалының төрағасыТөлеген Темешев, бұл шараның басты мақсаты - ұлттық зияткерлік спорт түрін насихаттау және дамыту, кәсіподақ мүшелерінің жұмысын жандандыру, кәсіподақ қозғалысын насихаттау жұмыстарын жүргізу, жастарды кәсіподақ қызметіне көптеп тарту, ынталандыру, сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету екенін айтты.
Орал қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинет әдіскері Тарас Қуанғалиев Турнирге қатысушы кәсіподақ мүшелерін құттықтап,кәсіподақ тек қана еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмей, өзара салауатты өмір салтын сақтауды кеңінен насихаттауға да қолдау көрсетіп жүргенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, облыстық Турнирге жолдама алды.
БҚО ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ – ФИЛИАЛЫ
-
Фотографии
-