КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айгүл Мұқашева, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық жұмыстар және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айгүл Мұқашева қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін шешудегі кәсіподақ ұйымдарының тиімді қызметін арттыру жөніндегі міндеттерді іске асырудың бірнеше жолдары мен бағыттарын нақты атап берді.
Жиында білім мен ғылым саласын дамыту, мұғалімдердің құқығын қорғау, әлеуметтік әріптестік келісімінің аясында еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелер айтылды.
Өз кезегінде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық жұмыстар және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева педагогтерді атестаттау жөнінде баяндап, еңбек адамының құқығын қорғау, еңбек адамының кауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Жиында кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында айтылған ұсыныстар да назарға алынды.
Кездесу барысында аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өзекті тақырыптарды қозғап, өз сұрақтарына жауап алды.
-
Фотографии
-