МИНИСТРДЕН АЛҒЫС ХАТ МЕРЕЙ ӨСІРДІ
Жаңа оқу жылы басталғанан бері жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде, білім саласында ұзақ жыл қалтқысыз еңбек еткен үшін 3000-нан аса Шығыс Қазақстан облысы ұлағатты ұстаздары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатына ие болды.
Республика көлемінде барлық деңгейдегі білім саласының кәсіподақ ұйымдары еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарды аңықтап, марапаттау парақтарын дайындап ұсыныс жасады.
Марапаттау рәсімі облыстың барлық білім беру мекемесінде өтті. Аудандық, қалалық, бастауыш білім кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, білім бөлімдерінің жетекшілері мен мектеп директорлары бірлесіп табыстады.
Сонымен қатар, ұстаздар Оқу-ағарту министрлігінежәне сала кәсіподағына назар аударып,еңбекке жоғары баға бергені үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие біріп жатқан ұстаздар қауымы ар қашанда биік марапаттарға лайық.
Марапаттарыңыз құтты, мерейлеріңіз үстем болсын!
-
Фотографии
-