МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Назгүл Қасенова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен Өскемен қаласында педагогикалық қоғаммен өткізген кездесуге қатысты. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов жүргізді.
Оқу-ағарту министрі ведомство тарапынан атқарылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталып, педагогтардың аттестациялау туралы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оқушылар арасында салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға және тәрбиені күшейтуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еліміздің бас педагогы тұшымды жауап берді.
-
Фотографии
-