ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА САЯХАТТАДЫ
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан — ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой,- деп, Мағжан ақын жырлаған Түркістан қаласы бүгінде еліміздің рухани орталығы Һәм заманауи сән-салтанаты келіскен шаһарға айналды.
Киелі өлкенің кереметтерін көру мүмкіндігі Алға және Ойыл ауданының ұстаздарына бұйырды. Күзгі демалысқа шыққан кәсіподақ мүшелері Түркістан қаласына саяхаттап қайтты.
Тарихи-танымдық сапар барысында кәсіподақ мүшелері Түркістан қаласының көрікті жерлерін аралады. Бағдарлама бойынша олар Арыстан бабтың басына, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне, Бәйдібек баба, Домалақ ана, Укаша ата өзге де киелі орындарға барып, тәу етті.
Сондай-ақ, «Керуен Сарайды» аралап, шаһардың заманауи келбетін тамашалады. Онда күмбірлеген қазақ күйінің ырғағымен тербелген "биші фонтандарды" көріп, халық аузында «Кіші Венеция» атанған қала ішінде өзенде қайықпен серуендеді. Сондай-ақ, алтын түсті алып жұмыртқа келбетіндегі ерекше театр-музейдің кереметіне көз жеткізді.
-
Фотографии
-