АРДАГЕРЛЕРГЕ МАРАПАТ
Солтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының ұсынысымен, өңірдің білім саласында ұзақ жылдар қызмет істеген ардагерлерге Оқу ағарту министрлігінің «Алғыс хаттары» және «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды.
Бірі оқу мекеме басшысы, бірі ұстаз, бірі бастауыш ұйым төрағасы ретінде болып, ең алдымен білім саласының дамуына жақсы қызмет атқарған ұстаздар марапат белгілеріне ие болды.
Бүгінгі күнге, облыс бойынша екі мыңнан астам педагогқа министрліктің «Алғыс хат» және 30 дан астам мұғалімге «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды.
Педагогика саласының ардагер-ұстаздарына облысымызда кәсіподақ қозғалысын қалыптастыруға, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауға қосқан үлестері үшін облыстық кәсіподақ атынан алғыс білдіреміз.
Тәжірибелі ұстаздардың, жүріп өткен жолдары, атқарған адал еңбектері кейінгі буынға үлгі болып табылады.
-
Фотографии
-