МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Қазақстан Респубдикасының Оқу-ағарту министрліггінің Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбисі орталағының ұйымдастырумен Тараз қаласында ІІІ Қазақстан Мұғалімдер Спартакиадасы өткізілді.
Жарыс нәтижесінде жалпы командалық есепте І орынды Қызылорда облысының командасы иеленсе, ІІ орынды Ақтөбе облысы, ІІІ орынды Алматы қаласы және Жамбыл облысының командалары жеңіп алды. Жеңімпаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дипломдары, сертификаттары, медальдары мен командалық кубогы табысталды.
Спартакиадада ұстаздар волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, асық ату, бес асық сынды спортың 5 түрінен бақ сынасты. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарынан 800-ге жуық мұғаім қатысты. Жарыстың жоғары деңгейде өткізілуіне және әділ өтуі үшін төрешілік жасалуына 56 төреші, 7 аудан әдіскері, 10 дене шынықтыру орталығының өкілі жұмылдырылды.
-
Фотографии
-