САЛАЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ БІРҚАТАР СҰРАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қарашаның 15-16 күндері «Еңбек және салалық заңнаманы қолданудың бірқатар сұрақтары» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Кәсіподақтық оқыту семинарына педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізуге жауапты мамандар, атап айтқанда аудандық білім бөлімінің бас мамандары мен әдіскерлер, білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары, басшы орынбасарлары, кадр қызметінің мамандары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.
Семинардың ашылуында білім саласындағы кәсіподақ қызметінің тиімділігі туралы айтқан Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков іс-шара барысында талқыланатын тақырыптардың маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып, сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Әлия Джолшибекова «Ұжымдық шарт – мекемедегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу құралы» тақырыбында дәріс оқып, Жергілікті кәсіподақтың қолданыстағы Келісім мен ұжымдық шарттарында сала қызметкерлерінің әлеуметтік, еңбек және экономикалық қатынастарын реттеу бойынша белгіленген нормаларына тоқталып, оларды еңбек қатынастарында тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті. Ал Жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығын оған енгізілген өзгерістерімен бірге жүзеге асыру тәртібі мен тәжірибесі туралы айтты.
Семинар соңы сұрақ-жауап сағатына ұласып, барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.
-
Фотографии
-