МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАУ
"Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы" директорының орынбасары, кәсіподақ мүшесі Халетова Дина Қашқымбайқызының 60 жас мерейтойына арналған шара ұйымдастырылды.
Жиынды кіріспе сөзімен ашқан «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Дина Жаманбаева басқарма басшысы Ж.Сұлтанның құттықтауын жеткізіп, басқарма ұжымы атынан мерейтой иесіне табыс пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Өз кезегінде "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раушан Серікова мерейтой иесіне аймақтың білім саласының дамуына сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, шипажайға жолдама сертификатын табыс етті.
Басқосуда мерейтой иесінің білім саласында салған сара жолы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының дамуына қосқан елеулі үлесі аталды. Әріптестері Дина Қашқымбайқызының өмірінен естеліктер айтып, ақжарма тілектерін жеткізді.
Іс-шара соңында Дина Халетова елдің мүддесі үшін қызмет жасау үлкен бақыт екенін айтып, көрсетілген құрметке алғысын білдірді.
Дина Халетова еңбек жолын Маңғыстау облысының Ералиев ауданы Қарақұдық орта мектебінің орыс тілі мұғалімі, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болып бастап, кейін Ақтөбе қаласындағы білім мекемелерінде кабинет меңгерушісі, бөлім басшысы және директордың орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Ұзақ жыл білім беру мекемелерінде басшылық қызметте болып, өзіндік қолтаңбасы бар маман ретінде тан
-
Фотографии
-