АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеп келеді.
Енді бірі бар ғұмырын білім саласына арнап, құрметті еңбек демалысына шықты. Зейнеткерлік жасына жетіп, еңбек демалысына шыққан мұғалімдерді елеп, облыстық ұйым жанынан педагогикалық еңбек ардагерлері Кеңесі құрылды.
Кеңес құрамы бекітіліп, бүгінгі таңда жұмыс жоспарын құрып, облыстық ұйыммен тығыз байланыста қарқынды жұмыс жүргізуде. Жетісу облысының мың үш жүзден астам ұстазы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының ұйтқы болуымен «Мұғалімдер күні», «Кәсіподақтар күні», «Республика күніне» орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қырық жылдан астам жұмыс өтілі бар ұстаздарға аудандық, қалалық филиалдарда және бастауыш кәсіподақ ұйымдарында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Оның бірі ретінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде өткен ұстаздармен кездесуді айтуға болады.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов арнайы қатысып, сала ардагерлерінің жағдайымен танысып, атқарған қызметтеріне алғыс білдірді. Саладағы оң өзгерістерді жеткізді.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың рөлі жайында әңгімелеп, ардагерлерде өз кезегінде ризашылықтарын жеткізді.
Шара соңында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білімгерлері әннен шашу шашып, кездесуге қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-