ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Талдықорған қаласындағы №12 «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Шидербаеваның ұсынысы негізінде еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Жиынға Талдықорған қаласының кәсіподақ филиалының төрайымы Айым Ерікқызы және «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Әсет Қайырханұлы қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – еңбекақы төлемі және еңбек қатынасына байланысты мәселелерді түсіндіру және кәсіподақ ұйымының негізгі міндетін айқындап, кәсіподақ мүшелерінің сауалдарына жауап беру.
Кездесу барысында Талдықорған қаласы кәсіподақ филиалының төрайымы Айым Ерікқызы сөз алып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік –экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтты.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Әсет Қайырханұлы бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметкерлеріне әлеуметтік, еңбек құқықтарын қорғау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен таныстырды. Педагогтар еңбек демалысына шыққанда сауықтыру жәрдемақысы, қызметкерлердің жұмыс уақыты туралы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ Әсет Қайырханұлы еңбек қатынастарына байланысты туындаған сұрақтарға нақты жауаптар берді. Кездесу соңында кәсіподақ мүшелері құқықтық мәселелер бойынша қосымша ақпараттарды сұрап, қанағаттанарлық жауап алды. Еңбек ұжымы шара ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы