ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ӨТТІ
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебінде «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» тақырыбында мұғалімдер арасында волейболдан аудандық дәстүрлі турнир өтті. Аталмыш шара ауған соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Жұлмағанбетов Ғани Сұлтанұлын еске алуға арналды.
Спорттық шараға аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхамбетдин Ордабаев, спорт ардагері Ертос Абдрахманов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Беғазы Күзембаев, мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы Нұрпейіс Бекқалиев, Сарыжар жалпы орта білім беретін мектептің директоры Нұрлан Мұханов, Хлебодар жалпы білім беретін орта мектептің директоры Арман Жарекин қатысты.
Турнирдің ашылуына қатысқан аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхамбетдин Ордабаев жарыстың басталуымен құттықтап, турнирге қатысушылардың баршасына сәттілік пен жеңіс тіледі.
Жалпы орта білім беру саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриотизмді, бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараға 5 команда қатысты.
Волейболдың тартысы күн ұзағына созылды. Ауданның 25 мектебі қатысқан турнирде Оңтүстік құрама командасы жеңімпазы болып танылды. Жүлделі екінші орынды Солтүстік құрама командасы иеленсе, Орталық құрама командасы үшінші орынды қанжығасына байлады.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді
-
Фотографии
-