«Үздік дене шынықтыру педагогы - 2023» республикалық байқауы қорытындыланды
21-24 қараша аралығында Щучинск қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Үздік дене шынықтыру педагогы – 2023» республикалық байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты — дене шынықтыру педагогтарының шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтардың еңбегінің беделін арттыру.
Байқауға еліміздің 19 үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қатысты.
Байқауды ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Республикалық байқау 3 кезең бойынша өтті:
1-кезең — «Креативті педагог».
2-кезең — «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы».
3-кезең — «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара».
Байқау білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметті дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру бойынша педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.
Байқаудың қорытындысы бойынша Н.Әбдіғалиев (Қостанай облысы) гран-при иегері атанды.
I орынды Ж.Оспанова (Алматы қ.)
II орынды А.Пусурманов (Ақтөбе обл.)
III орынды Г.Иманова (Ақмола облысы) иеленді.
Сондай-ақ, еліміздің барлық өңірінен жиналған ұстаздарға байқаудан тыс «Бурабай» ұлттық паркіне экскурсия ұйымдастырылды. Бос уақыттарында үздік тәжірибелерімен бөлісіп, спортпен шұғылданды.
-
Фотографии
-