ЕҢБЕК АДАМЫ
Ұстаз – жарқын болашаққа жол бастар бірегей тұлға. Шәкірттің ұшқыр қиялын қияға самғататын, білім қайнарымен сусындататын да ұстаз.
Бала тәрбиесіне жанын салып, өзгенің бақыты үшін өз уақытын аямайтын ұстаз – Байғанин ауданы Баршақұм орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әрі бастауыш сыныптың мұғалімі Мейірман Тәттігүл Машырыққызы.
Мейірман Тәттігүл Машырыққызы шәкірт жүрегіне жол таба білген бірегей маман. Ол 1967 жылы 12 қарашада Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Баршақұм ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін бітіріп, одан кейін 1994 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің бастауыш пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 36 жылдық ұстаздық жолында мыңдаған шәкіртке тәлім-тәрбие берген тәжірибелі ұстаз бала бойына білім дәнін сеуіп, жүректеріне жарық сәуле құйып, білім шыңына жетеледі. Тәрбиелеген шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып, білім бәйгесінде оза шауып жүлде алды. Бұл жетістіктің артында мұғалімнің талай еңбегі мен төккен тері тұр. Шәкірт тәрбиелеуде үнемі ізденісте жүретін шығармашыл, жаңашыл ұстаздың еңбектері Республикалық басылымдарда жиі жарияланып тұрады.
Тәттігүл Машырқызы – еңбегінің жемісі ретінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хатының, облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының, облыстық ғылыми- тәжірибе орталығының марапаты мен сыйлықтарының иесі.
Еңбек жолындағы жетістіктері мен шәкірттерінің алғысына Тәттігүл Машырқызы білім беру саласындағы нәтижелі жұмысы арқылы еңбегі сіңген ұстаз. Ұстаздың қайсар мінезі, жауапкершілігі, ақжарқын пейілі, қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі болары анық.
-
Фотографии
-