КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ
Нәзік жандарды қорғау мақсатында насихат жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Гендерлік саясаттың маңыздылығы жайында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-і Ескелді аудандық филиалы кездесу ұйымдастырды.
Бүкіл әлемде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне орай «Гендерлік саясат – ер мен әйел теңдігі» атты өткен шарада «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестіктің төрағасы – О. В. Скобляшова, аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Д. Б. Карипова, ПЗЗЖ инспекторы, полиция капитаны Л. Л. Тусипова қатысты.
Шараны Ескелді аудандық филиалының төрайымы Адия Айтбузинова ашты. Кездесудің маңыздылығына тоқталып, қоғамда кездесетін олқылықтар, оның ішінде әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтар жайында сөз етті.
Әр мекемеден келген өкілдер өзінің жұмысын таныстырып, әйелдерді қорғау үшін жүргізіліп жатқан шаралардың ретін жеткізіп, кәсіподақ мүшелеріне гендерлік саясатты айтып, ер мен әйел тең дәрежеде жұмыс істеп, қабілетіне қарай түрлі лауазымда қызмет атқаруға барлық мүмкіндік жасалғанына тоқталды.
Қарабұлақ орта мектебінің мәжіліс залында өткен кездесуде ПЗЗЖ инспекторы, полиция капитаны Л. Л. Тусипова зорлық-зомблыққа қатысты бейне фильмдер көрсетіп, орын алған оқиғалардың шығу жолдары, хабарласу керек мекемелердің тізімін нақтылап берді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының шеңберінде өзгенің өміріне зиян келтіру қылмыс болып саналатынын және әрекеті үшін жауап беретінін жеткізіп, әйелдер мен балалардың алаңсыз өмір сүруіне қоғам болып атсалуға шақырды.
Көпшілік көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, білікті мамандардан тұжырымды жауап алды.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің
«Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-ның баспасөз қызметі
-
Фотографии
-