ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ
1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні деп жариялады.
Осыған орай, республика көлемінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Осыған орай Ақтөбе облысының Мұғалжар, Қобда, Ырғыз, Мәртөк, Ойыл, Әйтеке би аудандарында білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі осы өзекті мәселеге қатысты өз пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, мұндай жағдайларда мұқтаж аналарға материалдық-моральдық тұрғыдан көмектесіп, оларды қандай да бір еңбекпен қамтитын, психологиялық жағынан сауығуына көмектесетін, қалыпты өмір сүруіне жәрдемдесетін дағдарыс орталықтарының қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды.
Сонымен қатар пікір алмасу барысында «Өзіңдегі агрессияны қалай ұстауға болады?», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған көмек сұрау алгоритмі», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік қолдау» сынды өзекті мәселелер көтерілді.
-
Фотографии
-