ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ БАС ҚОСТЫ
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жоспарына сәйкес, әлеуметтік әріптестікте өңірдегі әйел азаматшаларын қорғау жұмысында, Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросының Маңғыстау филиалының директоры, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, мигранттарға және халықтың осал топтарына көмек көрсететін «Мейрім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы «Мейірім» ҚБ төрағасы, модератор, Александр Викторович Мухамен тығыз байланыста шараларды өткізіліп келеді.
Облыста Зорлық-зомбылыққа қарсы «Бәріміз зорлық – зомбылықсыз әлем үшін!» тақырыбымен акция өтуде. Акция аясында 1 желтоқсан күні облыстық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың заманауи түрлері» (Харассмент) тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Өз кезегінде Александр Викторович әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ ана мен баланы қорғау және қоғамда отбасының рөлін нығайту бойынша облыста жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып ақпарламсымен де бөлісті.
Қоғамда зорлық-зомбылық, денеге зиян келтіру және моральдық зиян келтіру фактілері жиі кездеседі. Ал онымен қоғам болып күрескенде ғана нәтиже шығары анық.
Жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ