ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезекті Атқару комитетінің отырысы өтті. Алқалы жиынға Атқару комитетінің мүшелерінен бөлек аудандық және қалалық филиал жетекшілері, кәсіподақтық инспекция заңгерлері мен есепші-мамандар, құрылымдық бөлім жетекшілері қатысты. Жиында күн тәртібіне сәйкес кәсіподақ филиалдарының қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, алқалы басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық жұмыс пен кәсіподақ активін оқытуды ұйымдастыру сынды мәселелер қаралды.
Ең алдымен М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің, Тараз қалалық және Мойынқұм аудандық филиалдарындағы кәсіподақ жарналарының жиналуы мен бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен Бақылау-тексеру комиссияларының жұмысы қаралды. Сонымен бірге, Жергілікті кәсіподақтың Шу және Мойынқұм, Біріккен комитеті, Жамбыл және Байзақ аудандық филиалдарының мүшелік ұйымдарда қоғамдық бақылау жүргізу және алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастыру жағдайы мен кәсіподақтық есеп пен бастауыш ұйымдардың іс құжаттарын жүргізу жұмысы сараланды.
Атқару комитеті бұдан бөлек Жергілікті кәсіподақтың Біріккен комитеті, Сарысу және Талас аудандық комитеттерінде ақпараттық жұмыс пен кәсіподақ активін оқытуды ұйымдастыру жұмысының жағдайы туралы және Меркі, Т.Рысқұлов аудандық ұйымдарындағы жас жұмыскерлерді кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру мен белсенділігін арттыру жұмысының жағдайы туралы мәселені қарады.
Алқалы жиында негізгі сұрақ ретінде әлеуметтік әріптестік туралы 2024-2026 жылдарға арналған облыстық салалық Келісім, Ұжымдық шарттар жобаларын әзірлеу барысы туралы сұрақ қаралып, бірқатар мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қазақ күресінен педагогтар арасында «Кәсіподақ барысы - 2023» облыстық турнирін ұйымдастыру мен өткізу шаралары талқыланып, 2024 жылға арналған сауықтыру жұмыстары талқыланды.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.
-
Фотографии
-