ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ ТҰЛҒА
Ұстаз ұлы есім десек, осы ардақты да құрметті атқа лайық еңбек етіп жүрген жандар қаншама. Қарпайымдылығымен өзгеден оқ бойы алда тұратын Мутиханова Мейрамгүл Әбенқызы екені рас. Болмысындағы қарапайымдылығы болар, жеткен жетістіктерін ауыз толтырып ортада айтқан емес. Қиындығы мен қуанышын қатар алып жүрген сыр бермес нәзік болмысты жан. Жұмысына беріле отырып жауапкершілігін сезіне білетін алдынғы қатарлы ұстаз.
Мейрамгүл Әбенқызы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында дүниеге келген. 1986 жылдан бастап «Жаңаталап орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі болып, осы жылдар ішінде мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кәсіподақ төрағасы қызметінде. 38 жылдық еңбек өтілінің 37 жылын «Жаңаталап орта мектебі» КММ-де еңбек етуде.
«Кәсіподақ - ұжым ұйтқысы» десек, Мейрамгүл Әбенқызы 2001 жылдан бастап үздіксіз кәсіподақ төрағасы болып жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда бастауыш кәсіподақ ұйымының басты міндеті - қарапайым еңбек адамының заңды құқығы мен мүдделерін қорғау, әрі оны тұрақты сақтау. Келесі кезекте - олардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қолдауға ие болуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, өскелең ұрпақ тәрбиесінде еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарымыздың жас ұрпақ тәрбиесінде адал еңбек етіп, олардың білімге құштарлығын арттыруға қолайлы жағдай туғызу. Осы орайда мектеп кәсіподақ ұйымы өз мүшелерінің, қарапайым ұстаздардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау жолында Мейрамгүл Әбенқызы ұжымымен бірлесе қызмет жасайды.
Көптеген марапаттардың иесі Мейрамгүл Әбенқызы кәсіподақ төрағасы қызметін қоғамдық жұмыс ретінде абыройымен атқарып, сонымен қатар, Жаңаталап ауылындағы «Әйел – аналар» қоғамының төрағасы.
Бір басында бірнеше қоғамдық жұмысты алып жүрген қарапайым іскер жан басқаларға үлгі боларлық тұлға.
Мутиханова Мейрамгүл Әбенқызы жайлы мақала аудандық «Тұғырлы Тарбағатай» газетінде 2023 жылдың желтоқсан айындағы нөмірінде жарық көрді.
-
Фотографии
-