АКЦИЯ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының жылдық жоспарына сәйкес, Кәсіподақтың Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен 25 қараша – «Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықты жою күні» республикалық акциясына орай, «Үнсіз қалма!...» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл шара облыстық кәсіподақ құрамындағы барлық Орал қалалық және аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалдарында ұйымдастырылып өткізілген болатын.
Облыстық кәсіподақтың Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының үйлестірушісі Марина Темиргалиева алғы сөзінде, акцияның негізгі мақсатын түсіндіре отырып, Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың, әйелдердің теңдігі мен қауіпсіздігін қорғауға, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған игі істі еліміздің толық қолдайты туралы сөздеріне тоқталып, зорлық – зомбылыққа немқұрайлы қарамауға, оны үн – түнсіз қалдырмауға, зорлық – зомбылықтан аман қалғандарды сөкпеуге, сондай – ақ әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге шақырды.
Дөңгелек үстелдің қатысушыларылары арнайы шақырылған мемлекеттік құзырлы органдардың мамандарына сұрақтарын қойып, өзара пікірлесті.
Шара соңында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің психологы, тренер Назерке Курмангалиеваның «Отбасындағы зорлық – зомбылыққа жол жоқ!» психологиялық коучингіне қатысты.
Бұл акция – «Үнсіз қалма!...» тақырыбында қызу талқыланып, баршамызды заң және қоғам болып бұл құбылысты тоқтатуға әрекет етуге шақырды.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-