КӘСІПОДАҚ БАСТАУЫШ ҰЙЫМНАН БАСТАЛАДЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ бастауыш кәсіподағы салтанатты түрде шара ұйымдастырып мектептің ардагер ұстаздарына құрмет көрсетіліп, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хаттарын табыс етті.
Айта кетейік, аталған мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сауле Серикбаева, Зайсан ауданының спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген, есімі мен еңбегі облыс, республика көлемінде танымал болған даңқты, ақжарқын, қоңыр мінезді, кішіпейіл, ұстаздардың ұстазы, дене шынықтыру пәнің мұғалімі, ардагер спортшы, волейболдан дәрежелі төреші, үстел тенисінің жүлдегері, аудандық, облыстық жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы, ұрпақ тәрбиесі мен мұғалімдер құқығын қорғаудағы кәсіподақтағы еңбектері жоғары бағаланған қоғам жанашыры.
Сауле Жұмабекқызы жақсы істерім, адал еңбектерімен жастарға үлгі болар тұлға. Осындай абыройлы төрағалар көп болсын дейміз!
Мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биіктей берсін!