«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС»
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы мен Ақтау қалалық білім бөлімі ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Жаңа Қазақстанға-Жаңаша көзқарас» тақырыбында жас мамандар арасында қалалық байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты: Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен тәуелсіздігінің нығаюы, дамуы жолында өз үлестерін қоса алатын жас мамандардың кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасай отырып, кәсіподақ пен педагогтардың арасында қарым-қатынасты жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараны қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Енсегенова құттықтау сөзімен ашты. Егемендік еліміздің баға жетпес байлығы. Еліміздің ел ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы жастар екендігін айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға 15 жас маман қатысып, байқау талаптарына қарай өз өнерлерін, жан-жақты жаңа тың идеяларын әр түрлі форматта көрсетіп, жүзден жүйрік жеңімпаздарға қалалық кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық, сертификаттар табысталды.
1-орынды «Жасыл қадам жобасы» идеясымен №13гимназия мұғалімі Г.Джолдасбаева иеленді.
Жас мамандар ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы