![](/static/pressapp/news/whatsapp-image-2023-12-11-at-184351.jpeg)
ЖЕҢІМПАЗДАРҒА КӘСІПОДАҚ ЖОЛДАМАЛАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Ақтөбенің Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен өткен мұғалімдер спартакиадасы өз мәресіне жетті. Спартакиадада ұстаздар спорттың 6 түрі бойынша сынға түсті.
Жарыс нәтижесінде Ембі қалалық №1 орта мектебінің командасы жүлделі І орынды қанжығасына байлады. Ал, ІІ орынға Қандыағаш қалалық № 2 орта мектебінің командасы ие болса,
ІІІ орын Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының командасына бұйырды.
Жарысқа қатысқан педагогтерге Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары мен марапаттары, тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалары табысталды.
Айта кетейік, туристік саяхатқа арналған жолдамалар республикалық, облыстық сайыстарда аудан абыройын асқақтатқан ұстаздарға берілді.