КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өңірдегі колледждердің келісу комиссиясы мүшелеріне «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ» атты семинарын ұйымдастырды.
Семинарды ашқан облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибраев С.М. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Семинарға қатысушыларға білім беру ұйымдарында ұжымдық шарттар мен әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің нормаларын іс жүзінде қолдану туралы айтты.
Құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман - семинардың модераторы Н.Н.Абдулкаримова білім беру ұйымдарындағы келісу комиссиясының рөлі туралы, ұжымдағы жеке еңбек даулары міндетті түрде алдын ала келісу комиссиясында қаралып, содан кейін сотта қарауды ҚР Еңбек кодексінде міндеттелгенін айтты.
Сондай-ақ, дәріскер еңбек даулары туралы, білім беру ұйымдарында келісу комиссиясын құру тәртібі мен қызметі туралы мәселелерді түсіндірді.
Семинар барысында келісу комиссияларының мүшелері өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты және түрлі ситуациялық жағдайларды қарастырып, шешті.
Семинардың соңында диалог форматына көшті, оның барысында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, жеке консультациялар өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға әдістемелік материалдар таратылды.
Абай облысының оқу-ағарту,
ғылым және жоғары білім
қызметкерлерінің кәсіподағы