ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
«Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің ұйымдастыруымен алғаш рет 2023 жылдың желтоқсан айының 8-9 күндері «MUSTAFA-RIM» спорт клубында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысының кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті.
Жарыс халықаралық ITTF ережесі бойынша бірінші күні командалық және екінші күні ерлер және әйелдер арасында жекелей жүйеде өткізілді.
Жарысқа облыстың 22 кәсіподақ ұйымынан, жалпы саны 60-тан астам кәсіподақ мүшесі қатысты.
Атап айтқанда, жарыста «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнайгаз» АҚ, «ҚазАзот»АҚ, «Казтрансойл» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «МАЭК» ЖШС, «Мұнайтелеком» ЖШС, «Бұрғылау» ЖШС, «Buzachi Operating Ltd» ФК сияқты ірі кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарының, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының және т.б. кәсіподақ мүшелері бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте жүлделі І орынды «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қалалық филиалы жеңіп алса, Ерлер арасында жекелей жүйеде ІІ орынды Алмат Тоқмұратов (облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жаңаөзен қалалық филиалы), әйелдер арасында ІІ орынды Назира Мұратова (облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының Мұнайлы аудандық филиалы) III орынды Гаухар Ермұханова (облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қарақия аудандық филиалы) иеленді.
Жарыс соңында жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын, әріптестер!
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ