«ТӘУЕЛСІЗДІК – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» БАЙҚАУЫ
Тәуелсіздік күніне орай, Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы «Тәуелсіздік – балалар көзімен» тақырыбында кәсіподақ мүшелерінің балалары арсында сурет байқауын өткізді.
Мақсаты: өскелең жас ұрпақты тәуелсіз елімізді,жарқын болашағымызды суреттеу арқылы,отанға,елге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Барлық аудандық, қалалық филиалдардан әр түрлі жастағы балалар, оқушылары қатысты.
Өздерінің шығармашылық таланттарын, көркемдік ойлау, бейнелеу қабілеттерін өте шебер көрсете білген оқушылар қатары көп екендігі,сонымен қатар еліміздің ұлттық құндылықтары,көркемдік бейнелері әсерлі бейнеленген.
Байқау қорытындысында шебер,шығармашыл қыл қалам шеберлері сыйлықтармен марапатталып, мереке күніне орай барлық қатысушыларға театрға жолдама берілді.
Қатысушы балалар, оқушылар, ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
Еліміздің жарқын болашағы жарқын болып,тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы