ОРАЛДА ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – Филиалы жаңадан сайланған кәсіподақ төрағаларына арналған семинарын өткізді.
Оқыту – семинардың мақсаты: кәсіподақ жұмысын жетілдіру және кәсіподақ комитеті мен оның сайланбалы кәсіподақ органдарының қызметімен таныстыру.
Семинарды алғы сөзімен бастаған Орал қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлеген Темешев, кәсіподақ мүшелерінің мәселелерін уақытында шешу және кәсіподақтың ұйымдастыру қызметін жетілдіру арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Кәсіподақтың Жарғылық талаптарына сәйкес, қаржылық – шаруашылық тәртібінің орындалу барысы мен құжаттардың ресімделуі туралы бас есепші Сағида Макбузова түсіндірді. Сонымен қатар, бас маман Айнұр Таутенова кәсіподақ қызметін тиімді жоспарлау арқылы ұйымдастыру туралы кеңінен ақпарат берді және белсенді кәсіподақ мүшелерін Алғыс хатпен, Құрмет грамотасымен және ерекшелік белгілерімен марапаттауға ұсынудың Салалық кәсіподақтың Атқару комитетімен бекітілген Ережелерімен таныстырып, жалпы кәсіподақтың құрылымы мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Ережесіне сәйкес, кәсіподақ органдарының қызметі мен тұрақты комиссиялар туралы, Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу және оны жасасу тәртібі туралы түсіндірді.
Семинарға қатысушылар өзара жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек қатынастарында туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.
Орталық Кәсіподақтың кәсіподақ активіне пайдалануға арнайы дайындаған «Кәсіподақ ұйымының жұмысын қалай ұйымдастыру керек?» тақырыбына арналған әдістемелік ұсынымдары таратылды.
БҚО, Орал қалалық комитеті