ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі алаңында, облыстың кәсіподақ белсенділерімен, облыстық мәслихат депутаттары – халық денсаулығы, әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, О.Г.Клишина, бюджет және қаржы мәселелері, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.Қ.Сұрағановамен кездесу өткізілді.
Отырысты ашқан АКБ төрағасы Е.Е.Нұрақаев түрлі салалардағы жұмысшылардың көптеген мәселелерін шешуде кәсіподақтың рөлін ерекше атап өтті.
Педагогикалық саланың түйткілді мәселелеріне тоқталған Солтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрағасы Б.Е.Аюпов коммуналдық қызметке төленетін өтемақы төлемдерінің көлемін, облыстық деңгейде анықтау қажеттігін айтты. Ауылдық жерлерде тұратын мұғалімдерге қызмет көрсетуді – 2 АЕК-тен ұлғайту мәселесін көтерді.
Жиында солтүстік коэффициентті төлеуді жандандыруы мәселесі де көтерілді.
Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жан-жақты жауаптар алды.
-
Фотографии
-