КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ВОЛЕЙБОЛДАН СЫНҒА ТҮСТІ
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында Междуреченск орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Екатерина Константинованы құрметпен еске алуға арналған аудандық волейбол турнирі өтті. Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхамбетдин Ордабаев турнирдің ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Спорттық шараның негізгі мақсаты - ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол ойынын кең көлемде дамыту. Сайыста әйелдер командаларға бөлініп, барлығы бес команда жеңіс үшін бақ сынады.
Жарыс нәтижесінде жүлделі І орынды Құрмансай орта мектебінің құрамасы, ІІ орынды Жайсан орта мектебінің командасы және ІІІ орынды Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебінің құрамасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар табысталып, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары берілді.
Үздік ойын үлгісін көрсеткен спортшылар арнайы марапатқа ие болды.
-
Фотографии
-