ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Атқару комитетінің биылғы жылғы соңғы отырысын өткізді. Іс-шараға алқалы органның мүшелері, кәсіподақтың құқықтық еңбек инспекторлары мен құрылымдық бөлім жетекшілері қатысты.
Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбековтың Салалық кәсіподақтың Орталық Комитетінің Атқарушы органының материалдарына шолу жасап, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шаралары туралы сөзінен басталған жиында Жергілікті кәсіподақтың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланып, қаралды. Сонымен бірге Жергілікті кәсіподақ ұйымының 2024 қаржылық жылына арналған кіріс және шығыс сметасының жобасы таныстырылды.
Жамбыл ауданы мен Тараз қаласы бойынша құқықтық еңбек инспекторлары Әйгерім Сәрсенбаева мен Ғазиз Оспановтың кәсіподақ мүшелері-сала қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметі туралы есептері тыңдалған соң, әлеуметтік әріптестік туралы 2024-2026 жылдарға арналған облыстық салалық Келісім мен Ұжымдық шарттар жобаларын әзірлеу барысы туралы Төраға орынбасары Жанболат Орынбеков пен Құқықтық қызмет жетекшісі Әлия Джолшибекова баяндады.
Жиын барысында бұдан бөлек 2024 күнтізбелік жылға кәсіподақтық және салалық басылымдарға жазылым ұйымдастырудың қорытындылары туралы және сала қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін 2023 жылғы сауықтыру қорытындылары туралы мәселелер қаралды.
Алқалы жиын соңында бірқатар кәсіподақ қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін «Қорғау-Тараз-2005» ЖШС-нің Бас бухгалтері Айгүл Егембердиева, «Тараз-Профсоюз-Турист» ЖШС-нің қызметкері Ерлан Нұрмаханбетов пен Тараз қаласы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Ғазиз Оспанов ҚР кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сондай-ақ, кәсіподақтық дәстүр бойынша 2023 жыл қорытындысы бойынша қызметтегі кәсіби жетістіктерін ескере отырып жыл үздіктері марапатталды.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы
-
Фотографии
-