АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы педагогикалық еңбек ардагерлері Кеңесінің мүшелерін қабылдады.
Облыстық ұйымның төрағасы М. Төлепбергенов кәсіподақ жанынан құрылған Кеңестің жұмысы жайында баяндап, мақсаты мен міндетін айтты. Облыстық кәсіподақтың тарапынан көрсетілген көмек және марапат түрлерін жеткізді. Бар ғұмырын білім саласына арнаған ардагерлердің еңбегін елеп, Дәнігүл Сейітқұловаға облыстық кәсіподақтың «Еңбек адамы» төсбелгісін табыс етті. Шараға қатысушыларға облыстық ұйымның атынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтарын табыс етіп, құрмет көрсетті.
Облыстық ұйымның төраға орынбасары Болат Тұрысбеков дәстүрлі шараның жалғасқанын, ардагер ұстаздардың басын қосып, кәсіподақ жыл сайын құрмет көрсететінін айтты. Биылғы кездесуге Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері шақырылғанын жеткізді. Қалалық кеңес білім ордаларындағы ардагер педагогтардың тізімін жинап, база жасағанына тоқталды. Зейнет жасына жетседе қоғамдық жұмыстан қол үзбеген ардагерлерге алғысын білдірді.
Ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмабала Балақаранова алдағы уақытта кәсіподақпен бірге жұмыс істейтінін жеткізіп, педагог еңбек ардагерлері кеңесінің құрамын ұлғайтып, белсенді жұмыс істейтінін жеткізді.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-