БІЛІКТІ БАСШЫ – БЕЛЕСТЕРГЕ БАСТАУШЫ
Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері, ұстаздар көшінің шоқтығын биік еткен тұлғалардың бірі – Ақшабаева Дәметкен Байқазаққызы. Ол еңбек жолын 1985 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1985 – 2000 жылдары Ақжігіт, Сыңғырлау, Қалдығараев, Бейнеу орта мектептерінде математикадан дәріс бере жүріп бірнеше рет аудандық, облыстық білім бөлімінің , білім министірлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қазіргі таңда Дәметкен Байқазаққызы аудандағы мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда аянбай еңбек етіп келеді. Осы бағытта жасалған жұмыстарымен Д.Ақшабаеваның «Балапан» бағдарламасына қосқан сүбелі еңбегі болды. 2000 – 2012 жылдары селодағы бірнеше балабақшаны басқара жүріп, аудан балабақшаларын облыс көлемінде танытты. Ол басқарған балабақшалардан бірнеше үздік педагогтар шықты. Ол аймақта білікті кадрлаоды қалыптастыруға үлкен еңбек сіңіріп келеді.
Д.Ақшабаеваның балабақшаны басқарудағы алдына қойған мақсаты – оқу мен тәрбие үдерісіне озық тәжірибелер мен технологияларды барынша кеңінен енгізу, балалар мен педагогтардың ғылыми шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай туғызу болды. Білікті басшының бұл мақсаты жемісті болды.
Д.Ақшабаеваның тәрбиелеген қызметкерлерібүгінгі таңда аудан орталығындағы балабақшаның директорлары қызметін атқарып келеді. Олар: Көрпелиева Қаракөз, Асанова Меңтай, Базарбаева Светлана, Себепова Айнұр, Әзірханова Зәуре, Жаңбыр Күнсұлу, Дауылбаева Гүлсина, Көрпелиева Гүлсім.
Ол сонымен қатар, қоғамдық жұмыстардан шет қалмады. 2006 – 2008ж, 2008 – 2012 жылдары аудандық маслихаттың депутаты болған. Бүгінгі күні Бейнеу ауылы «Аналар кеңесі» төрайымы қоғамдық жұмысын үлгілі ана ретінде атқарып келеді.
Қазір «Бейнеу бөбекжайы»МКҚ кәсіпорнын басқара отырып, шығармашылықпен айналысуда. 2011-2012 оқу жылдары «Балабақша алаңын жоспарлау және жасақтау» атты мектепке дейінгі мекеме меңгерушілеріне арналған әдістемелік құралы облыс көлемінде таратылды. «Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі білім жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық бағыттары» тақырыбындағы I облыстық педагогикалық оқылым жеңімпаздарының материалдар жинағына енді. Сонымен бірге, Д.Ақшабаеваның басшылығымен жасақталған «Өлке» авторлық жобасы өзі қызмет ететін бөбекжайда жоспарға енген.«Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде экологиялық тәрбие беруде пәндік-заттық дамытушы орта қалыптастыру» атты авторлық бағдарламасы Республикалық деңгейде таратылды. Өзінің 38 жылдық еңбек жолында аудан, облыс көлеміндегі әріптестеріне үлгі бола білген басшылардың бірі.
Ұлттық құндылықтарымызды жастардың бойларына сіңіру сияқты тақырыптардан көмек қажет болғанда Даметкен Байқазақызының есігі кімге болса да әрқашан ашық.
Білікті басшы бүгінде өз еңбегінің жемісін көріп отырған Даметкен апай ақылшы ана, асыл әже.
Саналы ғұмырын қиындығы мен қызығы мол ұстаздыққа арнап, бойына жиған күшін де, білімін де еліне арнағанына 38 жыл толған ерен еңбек иесі Ақшабаева Даметкен Байқазаққызы – нағыз педагогика саласының майталманы десе жарасады.
Өмірлік тәжірибесі, тәлім-тағылымы көпке үлгі басшы ұстаздың ұрпақтар жүрегінде қалдырар ізі мәңгілік .
Ш.Азизова,
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК әдіскері.