АРДАГЕР ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
Бүгін облыстың білім саласының дамуына зор үлес қосқан ардагер ұстаздар сый-құрметке бөленді. Салтанатты шарада «Еңбек ардагері» төсбелгісі мен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Шараға қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раушан Серікова ұстаздарға алғысын білдіріп, олардың қоғамдағы рөлін сөз етті.
Ведомстволық марапатты иеленген 15 адамның қатарында ұзақ жылдан бері бастауыш сынып пен ағылшын тілі, математика, тарих пәндерінің мұғалімдері, ардагер ұстаздар бар.
Айта кетейік, «Еңбек ардагері» төсбелгісіне жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асатын, сондай-ақ еңбек жолында ең үздік көрсеткіштер көрсете білген зейнеткерлер мен үздік еңбеккерлер қол жеткізе алмақ.
-
Фотографии
-