ӘДІСКЕР ӘРІПТЕС – ҮЛГІЛІ МАМАН
Әрбір мамандықтың қиындығымен қатар қызықты тұстары жетерлік. Мамандық таңдаудан жаңылыспай, таңдаған мамандығыңды, жауапты жұмысыңды шын ниетпен, беріліп жасау, мақсат пен міндет қойып, діттеген нәтижеге қол жеткізуді көздеу маңызды. Әр нәтиже мен қиын жұмыстың астарында бір адамның үздіксіз қызметі мен маңдай тері жатыр.
Бүгінгі кейіпкеріміз Ақтау қаласындағы «Ертөстік» бөбекжайының әдіскері Қажапиева Назгүл Оразқызы жөнінде болмақ. Назгүл Оразқызының бөбекжайдағы тәжірибелік қызметі 1991 жылдан басталған. 2009 жылы N60 «Ертөстік» бөбекжайына тәрбиеші болып еңбекке араласып, 2014 жылдан бері осы ұйымда әдіскер қызметін атқарып келеді.
Жұмыс барасында ол өзін балалар психологиясын терең білетін мектепке дейінгі тәрбие саласындағы барлық жаңа, озық тәрбиені қолдана алатын сауатты шығармашылық тәрбиеші ретінде көрсетті. Бүгінде республикалық, қалалық, облыстық іс-шараларға белсенді қатыса отырып, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттыруда.
Оның осындай еңбегі бірнеше рет Ақтау қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Облыс әкімінің Алғыс хатымен және басқа да марапаттармен еленді.
Ол ізденіс үстінде жүрген әдіскер ретінде өз жұмысын әрқашан жаңаша бағытта жүргізеді. Әдіскер мәдениеттілігінің көрсеткіші-әдептілігі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, лайықты ұстай білуі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы әріптестеріне үлгі. Жұмысты ұйымдастырумен қатар тиісті жерде қатал талап қоя білетін оның әрбір қимылы өзгеге өнеге.
Назгүл Оразқызы сыйлы әріптес, аяулы ана, сүйікті жар. Қызығы мен қиындығы мол мамандықтың һас иесі. Қазіргі таңда педагог-сарапшы санаты бар әдіскер. Айрықша сипатымен, табиғат сыйлаған дара дарынымен ұшқыр қырандай болмысымен танылған ерекше тұлға десек артық айтқанымыз емес.
Бұл ретте, нәтижені ғана емес, ерен еңбекті, сол қызметті жүзеге асырып жүрген маман иелерінің қызметін бағалап, құрметтейтін Ақтау қалалық білім кәсіподағының көшбасшысы Еңсегенова Күнзира Құсбекқызына алғыс білдіреміз.
С.Демесбаева,
Ақтау қаласы, «Ертөстік» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі