ЕСЕП БЕРУ - САЙЛАУ НАУҚАНЫ
Бүгін, 12 қаңтарда , СҚО Шал ақын ауданының кәсіподақ аудандық комитетінің есеп беру- сайлау конференциясы өтті.
Өткен бес жыл ішінде барлық бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беру баяндамасымен конференция делегаттарының алдында, аудандық білім беру кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Т. Жарқынбаев сөз сөйледі.
Бес жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы төрағаның есепті баяндамасын тыңдаған соң, жарыссөзде сөз сөйлеген конференция делегаттары білім беру кәсіподағының жұмысындағы айтарлықтай сапалық өсуін айтты, сонымен қатар адамдардың кәсіподақ туралы пікірі өзгеріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, конференция делегаттарының алдында Тексеру комиссиясының есебі ұсынылды.
Өткен кезеңдегі аудандық кәсіподақ комитетінің және Тексеру комиссиясының төрағасы жұмыстарын қанағаттанарлық деп таныған, конференция делегаттары Д.Т. Жарқынбаевқа тағы да сенім білдіріп, Дулат Жарқынбаевты Шал ақын ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы етіп сайлады.
Облыстық кәсіподақ комитеттің атынан білім беру және кәсіподақ қызметі жүйесіндегі көп жылдық еңбегі үшін Дулат Жарқынбаевқа «Сосновый бор» шипажайына демалуға сертификат табыс етілді.
-
Фотографии
-