БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ЕСЕП БЕРДІ
2024 жылдың 18 қаңтар күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде ұжымдық жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. Колледж басшысының 2023 жылғы атқарған жұмысы;
2. Бастауыш кәсіподақ ұйымының 2023 жылғы жұмысы туралы есебі;
3. Педагог этикасы.
Жиналысқа білім басқармасының маманы техникалық және кәсіптік білім бөлімінің әдіскері Есенбаева Кәмшат Қанатбайқызы, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Баймұханова Жәния Карлқызы және колледж оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Қойылған түрлі сауалдарға тұшымды жауаптар берілді. Ұжым ашық түрде өткен есеп беру жиналысына өз ризашылықтарын білдірді.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-