ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ІС ЖҮЗІНДЕ
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде ұжымдық жиын өтті. Оған «Жас қыран» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымның жетекшісі, мәслихат депутаты - А.Марат, «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті - Ж.Ахметова, «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі - А.Шамшадинова, Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Т.Баймбетова, Маңғыстау облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ж.Сармурзина қатысты.
Күн тәртібінде келелі мәселелер қаралды.
Колледж басшысы А.К.Жұмағали 2023 жыл бойынша ұжымның атқарған қызметіне талдау жасап, қаржы қозғалысы, қаржының мақсатты жұмсалуы туралы ақпарат берді.
Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.И.Нұрбосынов кәсіподақ ұйымының жұмсалған қаржысы және алдағы жоспарлы жұмысы туралы таныстырса, Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Т.А.Баймбетова кәсіподақ ұйымының мақсаты мен міндеттерін, еңбек қатынастарының кейбір мәселелері туралы айтып өтті.
Маңғыстау облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ж.О.Сармурзина «Педагог мәртебесі» туралы заңы, педагогтардың кәсіби этикасы және қарым-қатынас мәдениеті тақырыптарына тоқталып пікірін білдірді.
Ұжымдық жиналыс педагогтардың өзара пікір алмасуымен қорытындыланды.
Б. Нұрбосынов,
Маңғыстау энергетикалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
-
Фотографии
-