ЖАҢА КЕҢЕС - ЖАҢА БАСТАМА
Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Сондықтан да жастар мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Соңғы жылдары елімізде жастар саясаты – маңызды стратегиялық сипат алып келеді. Олар қоғамда белсенді буын өкілдері ретінде мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырып, жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал, жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағытталған нық қадамдарға бастайды. Сондықтан, белсенді буын өкілдерін ұлы істерге жігерлендіру үшін – ынталандыру маңызды.
Осы орайда Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы мен аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған жастар кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.
Отырыста аудандық білім бөлімі басшысы Сәулеш Біртаева мен Кәсіподақ ұйымының төрағасы Зейнел Бекетов сөз сөйлеп, кеңес жұмысына сәттілік тіледі.
Кеңесте ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастардың жұмыспен қамтылуы және тағы да басқа өзекті мәселелер жайында сөз қозғалды.
Басқосуда кеңес төрағасы Саламат Саймов пен кеңес мүшелері (ауданның белсенді жастары) өз тәжірибелерімен бөлісіп, кеңес жұмысына озық идеяларын ұсынды.
Кездесуде жас педагогтар алдағы уақытта аудан жастары арасындағы байланысты нығайтып, ауданның өсіп-өркендеуі үшін бірлесе жұмыс жасайтынына сенім білдірді.
Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес енгізілген мәселелер қарастырылып, қабылданған шешімнің орындалуы бақылауға алынып, тиісті тапсырмалар берілді.
-
Фотографии
-