ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
«Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ Атқару комитетінің қаулысын орындау жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағының ұйымы «Жас техниктер станциясы» КМҚК (директоры Р.А.Тамбовцева,бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Е.Богоченко, техникалық инспектор Р.С.Пушанова) және «№24 орта мектеп» КММ (директоры Л. Мауатхан, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Ю.В.Березко, техникалықинспектор Г.А.Нугуманова) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша қоғамдық бақылауды тексерді.
Комиссия еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ұйымдағы әлеуметтік әріптестектің өзара іс-қимылы, атап айтқанда, қызметкерлерді оқытудың тақырыбы мен жүйелілігі, қызметкерлердің жұмыс түрлері мен кәсіптері (мамандықтары) бойынша еңбекті қорғау нұсқаулықтарын білуі, сондай-ақ осы тақырып бойынша кіріспе және жұмыс нұсқаулықтарын өткізу, құжаттаманы толтырудың жүйелілігі, оның ішінде тексеру жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамаларының болуы және де басқа мәселелерімен танысып, сұрақтарға жауап алды.
Қоғамдық бақылау барысында тұрақты бақылауды қажет ететін өндірістік тораптар, жабдықтар, өрт қауіпті учаскелер қауіпсіздікке тексеріліп, аталған мәселелер бойынша педагогтармен, техникалық және қызмет көрсету персоналымен әңгімелер өткізілді.
-
Фотографии
-