ОРАЛДА ЖАҢА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағы, Орал қалалық комитеті – Филиалының төрағасы Төлеген Темешев және бас маман Айнұр Таутенова №24 «Солнышко» бөбекжайында болып, ұжыммен кездесті. Ұжымда 60 - қа тарта қызметкер жұмыс жасайды.
Кездесу барысында қалалық кәсіподақ төрағасы Төлеген Темешев - Кәсіподақ- еңбек адамының мұң - мұқтажын, мақсат - мүддесін қорғайтын пәрменді ұйым және еңбек құқығының бұзылмауын қадағалау, педагогтарға әлеуметтік - экономикалық қолдау көрсету, ұжымдағы еңбек дауларын оңтайлы шешу – кәсіподақ ұйымдарына жүктелген маңызды міндеттердің бірі екенін айтса, бас маман Айнұр Таутенова - ұжымдарда еңбек даулары, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара түсініспеушілік жиі орын алып отыратындығын және туындаған мәселелердің түйіні көбінесе әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің негізінде шешіліп жатқанын түсіндірді.
Кәсіподақ мамандары жиынға қатысушылардың кәсіподақтың жұмысы және еңбек қатынастарына қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді.
Мекеме басшысы Сәуле Чабарова кәсіподақ өкілдеріне кәсіподақ жұмысы туралы берілген ақпараты үшін алғысын білдіре отырып, әлеуметтік әріптестік негізінде бірлесіп жұмыс жасаудың қазыргі таңда еңбек қатынасында туындаған мәселелердің оңтайлы шешілуіне септігін тигізетіндігін атап өтті. .
Бастауыш ұйымның жаңадан құрылуы кәсіподаққа деген сенімнің арта түскенін көрсетеді.
БҚО ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ – ФИЛИАЛЫ
-
Фотографии
-