БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫСТАР
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Құлынжон ауылының «Мектеп-бөбекжай кешені» КММ базасында ауданның бастауыш кәсіподақ білім беру ұйымдары арасында үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша жарыстар өткізді.
Жарысқа 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысты. Әрқайсысы өз түрінде қызықты ойын көрсетті. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын алған қатысушылар осы жылдың көктемінде Өскемен қаласында өтетін Шығыс Қазақстан облысы аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының командалары арасында, Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына арналған облыстық Х спартакиадасына жолдама алды.